30 қыркүйек күні сағат 18:40 шамасында маркасы Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі Қ. Сатпаев-Ерниязов көше қиылысында қызмет атқарып тұрған патрульдік полиция батальонының қызметкерін қағып құлатқан, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Салдарынан тәртіп сақшысы түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Сараптамалар қорытындысына сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданатын болады.
Айта кетейік, көлік жүргізушісі жол қозғалысын реттеп тұрған патрульдік полиция қызметкерін көзі күнге шағылысуы салдарынан көрмей қалғанын және өкінетінін жеткізген.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ