Атырауда денесіне түрлі бұйымдарды желімсіз жабыстыра алатын магнит-адам тұрады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ол – осыдан төрт жыл бұрын әлеуметтік желіде жылдам танылған Октябрь Жұмашев. Енді 75 жастағы қария үстіне тек темір ғана емес, ағаш бұйымдарды, тіпті, фарфорлы тәрелкелерді де жапсыра алатын қасиетке ие болып отыр!
«Мен бұл қасиетімді әскерден оралған соң байқадым. Осы өмірімде технолог, заңгер, массажист, сынықшы да болдым. Бірнеше жылдан бері ғаламторды ақтарумен келемін. Өзім секілді ерекше қасиетке ие ешбір адамды көрмедім. Сондықтан әлемнің Гиннес рекордтар кітабына енгім келеді» дейді кейіпкеріміз.
Ал, ғалымдардың бұған қатысты пікірі алуан түрлі. Айтуларынша, кез келген адамның ағзасы электр қуатын беретін магниттік қасиетке ие. Сөйтіп, олар қантамыр жүйесімен қозғалып, электромагниттік өріс туғызады. Оны біреулер басқара алады. Ал, көбісі бұдан бейхабар.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ