Атырауда мәдениет саласының үздіктері марапатталды

27 наурыз - халықаралық театр күніне орай, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының актерлары мен актрисалары марапатталды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов театр қызметкерлерін құттықтап, бір топ өнер адамдарына  “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісін тапсырды.  - Қай кезде де киелі сахнаны жанына серік еткен өнер адамдарының ел үшін орны ерекше. Киелі сахнада тарихты да, махаббатты да, қуаныш пен қайғыны да көрермен қауымның алдында бетпе-бет қауыштыратын театр актерлерін марапатымен шын жүректен құттықтаймын,- деді облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында 10-15 жыл үстінде қызмет атқарған Мереке Қонысова, Ғазиза Бисенова, Мейрамгүл Шапиева, Бекет Зинуллин және Нұрбек Сьезхан “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісіне ие болды.