Атырауда мұнай тасымалдайтын вагонда жарылыс болды

Бүгін сағат 13:58-де Атырау қаласы Оңтүстік өндірістік аймағында орналасқан «Batys Petroleum» ЖШС-нің №1 цехтың жуу-булау станциясында жылжымалы темір жол құрамын (цистерна)  тазалау кезінде мұнай шламының қалдықтары жанып тұрған газ-ауа қоспаларының  дүмпу болды, деп хабарлайды AtyrauPress.

«Дүмпіл салдарынан цех құрылымдарының ішінара (бөлігі )құлауы  болды. Сол уақытта автоматты өрт сөндіру құрылғысы іске қосылып, сонымен қатар  «Batys Petroleum» ЖШС-мен келісім-шартта отырған мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі  «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген.

Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 48 қызметкер мен 5 бірлік техника, «Апаттар медицинасы орталығын» 3 қызметкер 1 бірлік техника, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС 5 адам 1 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген баспасөз хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. ТЖД қызметкерлері барлау жұмыстарын жүргізді.

Мира Нұртаева