Мұқтаж отбасыларға тегін киім-кешек үлестіретін «Jurekten jurekke» қайырымдылық дүкені жұмыс істеуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Орталық белгілі бір санаттағы тұрғындардың қажеттіліктерін өтеу мақсатында осы жеңілдікті қамтыған. Сондай-ақ бұл әлеуметтік дүкенге іске жарамды заттарды көмек ретінде өткізуге болады.
Аталған көмекті көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған, сондай-ақ толық емес отбасылар ала алады. Тұрғындар көмек алу үшін өзімен бірге жеке куәлігін, балалардың туу туралы куәлігін, ал мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедектігін растайтын құжаттарды әкелуі қажет.
Айта кетейік, әлеуметтік орталық Нұрсая ықшам ауданындағы №57 үйде орналасқан. Аптаның дүйсенбі-жексенбі күндері сағат 10:00-19:00 аралығында жұмыс істейді. Түскі үзіліс сағат 13.00-14.00 аралығында.