Атырауда мұғалімді боқтаған оқушының анасына айппұл салынды

Атырау облысында 9 сынып оқушысы ұстазына былапыт сөз айтқан жасөспірімнің анасы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

«Істі қарау барысында жасөспірімнің анасы ұлының айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген қылығы үшін кешірім сұрады. Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қысқартылған тәртіппен 18 мың 91 теңге әкімшілік айыппұл салынды», - деді баспасөз қызметі.

Эльмира Мықтыбаева