Атырауда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде қызылқоғалық шабандоз 2 млн теңгеге ие болды

Атырау облысында «Ұлы дала» жобасы аясында марафон-бәйге өтті, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
Марафон-бәйгеде бірінші орынды Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылының шабандозы Жеткізген Бақытжан жеңіп алып, 2 млн теңге сыйлыққа ие болды. Ат иесі Тайжановтар отбасы. Бапкері Әлеке Бөлтеков. 

Екінші орын Қызылқоға ауданы Миялы ауылының шабандозы Жаңғабыл Исаға бұйырып, 1 млн теңге берілді. 

Ал Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылының шабандозы Досқали Досжан үшінші болып келіп, 800 мың теңге бұйырды. 

4 – орын Көктоғай ауылынан Карим Жасталант. Жүлдесі - 700 000 теңге.
5 – орын Дауымшаров Азамат. Жылой ауданы, Шоқпартоғай ауылы. Жүлдесі - 600 000 теңге.
6 – орын Еділов Дулат. Махамбет ауданы, Қаңбақты ауылы. Жүлдесі - 500 000 теңге.
7 – орын Айтмұханов Алмат. Жылой ауданы, Құлсары қаласы. Жүлдесі - 400 000 теңге. 
8 – орын Желдешов Сайранбек. Жүлдесі - 300 000 теңге.
9 – орын Мұхит Жанболат. Жылой ауданы, Ақкиізтоғай ауылы. Жүлдесі - 200 000 теңге.
10 – орын Аманжол Бекзат. Жылой ауданы, Шоқпартоғай ауылы. Жүлдесі - 100 000 теңге.

Марафон-бәйге Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, дене шынықтыру және спорт басқармасы, Атырау бәйге федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді.

Эльмира Мықтыбаева