Атырауда үлкен концерт залы, музей, конгресс-холл мен бейбітшілік келісім сарайының құрылысы басталды

Атырауда жаңа мәдени нысандар пайдалануға берілуде, деп хабарлайды АтырауPress.


Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
«Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында және қала аумағында екі мәдениет үйі пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 15 мәдени нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Атырауда 1 200 орындық концерт залы мен тарихи-өлкетану музейі, 600 орындық конгресс-холл және бейбітшілік келісім сарайының құрылысы басталды», – деді әкім.
Айта кетейік, бұл нысандар ауыл халқының шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік береді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ