2025 жылдан бастап қолжетімді бағамен сатылатын және тұрақты бақылауда болатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Бұған дейін ұн, қант, күріш секілді негізгі өнімдер ғана қамтылса, енді тізімге тартылған ет, алма және өзге де тағам түрлері енгізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Данияр Орынбасаровтың айтуынша, қосылған құн салығының өсуіне қарамастан, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты деңгейде сақталуда.
«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен ашылған сауда нүктелерінде 1 келі картоп 180 теңгеден, пияз 131 теңгеден, сәбіз 152 теңгеден, ал қырыққабат 142 теңгеден сатылып жатыр.
Сонымен қатар 2025 жылдан бастап қолжетімді бағамен ұсынылып, тұрақты бақылауда болатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31 атауға дейін ұлғайтылды.
