Атырауда лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті әшкереленді

Шенеуніктер кәсіпкерге эскиздік жобаны келісуден заңсыз бас тартты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке лауазымды тұлғалардың әрекеттерінен зардап шеккен кәсіпкер жүгінді.

Ол бірнеше рет шанақ цехы, бокс және қазандық ғимаратының құрылысына арналған эскиздік жобаны келісуге жіберді, бірақ Атырау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғалары келісуден бас тартты.

Мән-жайларды анықтау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментімен бірлесіп кездесу ұйымдастырылды, оның барысында эскиздік жобаны келісуден бас тартудың заңсыздығы анықталды.

Бүгінгі таңда эскиздік жоба келісілді, кәсіпкерге сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілді.

Біздің байланыс алаңдары мен арналары бизнес өтініштерін қабылдау үшін ашық. Сондай-ақ, 1424 агенттігінің Call-орталығына хабарласуға болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

 

Фото: ru.freepik.com