Атырауда «Күзгі бал-2022» жеңімпазы анықталды

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Күзгі бал-2022» облыстық байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Құрманғазы мәдениет үйінде «Күзгі бал-2022» байқауы өтті. Жергілікті жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінен құралған 20 команда сән үлгісі, бейнебаян, өнер сайысы бойынша бақтарын сынады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара жастардың шығармашылық, креативті әлеуетін ашуды көздейді. Ал, әділқазылар алқасы күзгі балдың ерекше мерекелік көңіл-күйде өткенін айтады. Әділқазы құрамындағы «Vero modelz» модельдік агенттігінің директоры Вероника Кошманова жастардың ұлттық құндылықтарды насихаттайтын өнерлері аз екенін атап өтті.

Сонымен, Х.Досмұхамедов атындағы университет командасы үздік деп танылып, «Күзгі бал-2022» байқауының жеңімпазы атанды. Ал, ерекше күзгі киім үлгісін көрерменге ұсынған Атырау селолық округінің жастарынан құралған команда арнайы марапатқа ие болды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА