Бұл туралы AtyrauPress Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап хабарлайды.
20 маусым күні кешкі сағат 20:00 шамасында Вокзал маңы шағынауданында орналасқан субұрқақта ойнап жүрген 10 жасар баланың аяғы су төгетін құбырға қысылып қалады. Салдарынан бала өз бетінше аяғын шығара алмай қалған.
Құтқарушылар балаға зақым келтірмей, арнайы құралдардың көмегімен оның аяғын темір құбырлар арасынан шығарып алды.
Осы орайда төтеншеліктер субұрқақтарда шомылуға және ойнауға болмайтынын ескертеді.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА