ІІМ өкілі:
«Атырауда құқық қорғау органдары, күштік құрылымдар және Қазақстанның өзге де арнаулы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті. Оған Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Бас прокуратураның, Ұлтты гвардияның, Шекара қызметінің, мамандандырылған күзет қызметінің, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың полиция және көліктегі полиция департаменттерінің құрама командалары қатысты».
Оның дерегінше, жарыс 8 салмақ санаты бойынша өтті.
«Ведомстволар арасындағы тартысты жекпе-жек барысында бас жүлде ІІМ, екінші орын Мемлекеттік қызмет, ал үшінші орын Ұлттық гвария командасында бұйырды.
Полиция департаменттері арасында бірінші орынды Атырау облысының командасы жеңіп алды.
Ал екінші орынға Қарағанды облыстық, үшінші орынға Ақтөбе облыстық полиция департаментінің командасы тұрақтады», - деді Шұғыла Тұрлыбек.