Атырауда құрғақшылық күтілуде...

Алдын ала ұсынылатын болжамға сәйкес, шілдеде Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық күтіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сонымен бірге ылғал тапшылығы бар аймақтардың ауданы ұлғаяды. Бұл туралы "Қазгидромет" мәлім етті. Атап айтқанда, Ақмола облысының Жарқайың ауданында, Қостанай облысының Амангелді ауданында, Ақтөбе облысының Әйтекеби, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Қызылорда облысының Шиелі ауданында бірқалыпты құрғақшылық күтілуде.

"Ал, қатты құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Жангелді ауданында орын алуы мүмкін" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ