Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолы бойында автокөлік өртенді, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"30 шілде сағат 10:00 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 565 шақырым тұсында Газель автокөлігі өздігінен өртеніп жанып кеткен, абырой болғанда адам жарақаты болған жоқ" делінген хабарламада.