“Жаныңдамын” тобының волонтерлері құм терапиясынан шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бүгін Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы “Азаматтық орталық” мекемесінің ұйымдастыруымен “Қайырымды ұлт” қайырымдылық акциясы аясында облыстық кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арнап Наурыз мейрамы ұйымдастырылды.
- Мақсат – көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды, қарттарды, жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету, - деді “Азаматтық орталық” мекемесінің басшысы Жаннат Досқалиева.
Сондай-ақ, мерекелік дастархан жайылды.
Айта кетейік, бүгінде орталықта 17 жасөспірім тәрбиеленуде.
Қасиет БАХКЕРЕЙҚЫЗЫ