Атырауда Құлманов көшесін жөндеу басталады

Құлманов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жасалады. Жалпы ұзындығы 2,7 шақырымды құрайтын аумаққа жол құрылысын “Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты» АҚ мердігер мекемесі жүргізеді, деп хабарлайды AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 маусым сағат 09:00 ден бастап Құрманғазы көшесі мен Т.Бигелдинов көшесі аралығында орташа жөндеу жұмыстары басталуына орай 350 метр қашықтықта жол жабылады.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде толықтай автокөлік жолының беткі асфальт қабаттары алынып, жаңадан салынады. Сонымен қатар, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолын салу және жол белгілерін жаңғырту жұмыстары көзделген.

"Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Осыған орай, Сіздерден өздеріңіздің жол бағыттарыңызды алдын-ала жоспарлауға және көлік қозғалысындағы уақытша шектеулерге түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.