Атырауда "Крещение" мерекесі аталып өтуде... (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін Атырауда "Крещение" мерекесі аталып өтуде. Оқырман назарына атыраулық фотосуретші Әнуар Әбілғазиевтің фоторепортажын ұсынамыз, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Құтқарушылар «Крещение Господне» діни мерекесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Бұл туралы облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобынан білдік. Атырау облысы бойынша «Крещение» діни мейрамы 7 орында өткізілуде. 2024 жылғы 18 қаңтарда сағат 23:00 ден бастап сағат 03:00 аралығында арнайы жабдықталған мұз ойықтарында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кезекшілікте тұрды. 19 қаңтарда сағат 09.00-ден кешкі сағат 23.00 ге дейін Департаменттің 85 қызметкері мен құтқарушылары күшейтілген режимде кезекшілікте тұрады, сондай-ақ, 8 сүңгуірлік жинақ, 16 құтқару жилеттері, 4 құтқару шеңберлері, 4 бірлік автокөлігі, 4 бірлік құтқару тақтайшасы дайындалды.

Құтқарушылар кезегімен ауысып, суға түсушілер мен қасиетті суды алушыларды қатаң бақылап, төтенше жағдай бола қалса құтқаруға сақадай сай тұрды. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Полиция Департаменті, «Апаттар медициналық орталығы» ММ қызметкерлері жұмылдырылды. Діни мереке қарсаңында облыс тұрғындары мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерімен ақпараттандырылды. 2024 жылғы 19 қаңтар сағат 18:00-дегі ақпарат бойынша Атырау облысында Крещение Господне» діни мейрамында арнайы белгіленген мұз ойықтарында 700-ден астам адам түсті. Құтқарушылардың жұмыла әрекетінің нәтижесінде діни мейрам кезінде оқыс оқиғалар тіркелген жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение 9 человек и люди плавают

Возможно, это изображение 8 человек, толпа и текст

Возможно, это изображение 7 человек, люди плавают и Арктика

Возможно, это изображение 7 человек и текст

Возможно, это изображение 7 человек

Возможно, это изображение 18 человек и толпа

Возможно, это изображение 10 человек и текст «jaztrans русскос эко былина с праздником крещения господня»

Возможно, это изображение 4 человека