Атырауда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1045 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

"Заңсыз келуші -2022" іс-шарасы аясында 1045 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменінің баспасөз қызметі.

Атырау облысы аумағында заңсыз көші-қон деректерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жіберетін Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу​ мақсатында 10-17 қазан аралығында “Заңсыз келуші- 2022" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 1045 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 595 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
​Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімі бойынша елден 37 шетелдік шығарылды.


Сондай-ақ, іс-шара өткізу барысында Қазақстан Республикасының 432 азаматына қатысты ҚР-ның Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны және шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Айта кетейік, атыраулық полиция қызметкерлері  Өзбекстан Республикасының 58 азаматын жеке басын анықтайтын құжаттары болмауына байланысты қабылдау-тарату орнына орналастырды.