Атырау облысы көлемінде 22-28 тамыз аралығында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жедел шара кезінде облыс бойынша 373 шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 517 бабымен, яғни шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазақстан Республикасының аумағынан Өзбекстан елінің 22 азаматы тысқары шығарылды.
Сонымен қатар, өкілетті органдардың рұқсатынсыз заңсыз шетел азаматтарының жұмыс күшін пайдаланған ҚР-ның 19 азаматына ҚР-ның ӘҚБК-нің 519 бабымен, яғни шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту дерегі бойынша хаттама толтырылды.