Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Бұған қоса өз еркімен ел аумағынан шығу жөніндегі сот шешімін орындамай жүрген Өзбекстанның 9 азаматы анықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызме

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қазір «Жалданушы – 2022» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын анықтау, шетел азаматтары жасаған қылмыстарды анықтау.

«Атырау қалалық полиция басқармасы мен Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасынан келген 37 адамның рұқсат құжатысыз әрі заңсыз жұмыс істеп жүргенін анықтады. Қазір шетел азаматтарына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сот шешімімен Өзбекстан Республикасының 14 азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ел аумағынан шығарылды. Сондай-ақ, өз еркімен ел аумағынан шығу туралы сот шешімін орындамай жүрген өзбекстандық 9 азамат анықталды. Олар 19 қыркүйекте «Тәжен» бақылау бекеті арқылы ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылған.

«Шетелдіктің іс-әрекеттері мемлекеттік қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету мүдделеріне қайшы келсе, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса, шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды. Шетелдік осы шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті», -деп мәлім департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетелдік ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.