Атырауда көші-қон қызметі басқармасы бастығының ісі қысқарды

Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу қысқартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі өңірлік департаментінің қызметкерлері Руслан Әділовке қатысты сотқа дейінгі тергеу 28 сәуірде бастаған еді.

  «Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2) тармағының негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 2) тармағымен Атырау облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Р.Әділовке қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында Р. Әділов күдікті деп танылмады және оның әрекеті қылмыс ретінде сараланбады», - деп хабарлады облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен.