Атырау облысында 3 жылдан бері коронавирустан 1090 адам бақилық болды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырауда COVID-19 басталғалы 2020 жылдың 26 наурызынан бастап 62 мың 385 адам инфекция жұқтырды. Ал мыңнан астамын ауру меңдеп, көз жұмды.
Жалпы, 30 832 науқаста ауру белгілері анық бар болса, 31 553 адамда инфекцияның ешқандай симптомы байқалмаған.
Қазіргі кезде 105 адам үй жағдайында, ал № 2 Атырау облыстық ауруханасында 14 науқас ем қабылдап жатыр.
Еске сала кетейік, 13 шілде – Covid-19-дан қайтыс болғандарды жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.