Өрт сөндірушілер пәтерде шыққан өртті дер кезінде ауыздықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлады. 14 қараша күні 22:18 сағатта Атырау қаласы, Сәтпаев көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің үшінші қабаттағы пәтерлерінің бірінен түтін шыққаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жеткен кезде пәтердің асхана бөлмесінде тұрмыстық заттардың жануын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшесінің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің басқа бөлмелерге таралуына жол берілмеді.
Өрт кезінде барлығы 2 ересек, 4 бала (1 адам өрт шыққан пәтерден, 1 ересек, 4 бала көпшілес пәтерлерден) өз күштерімен эвакуацияланған. Өрт сағат 22:37-де оқшауланып, 22:51-де толықтай жойылды. Аталған өрттен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 7 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.