Қалада күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысында көпқабатты үйлер гидравкликалық сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Шәкір Кейкін «Атырау жылу жүйелері», «Атырау Жарық», «ҚазТрансГаз Аймақ», «Атырау облыстық су арнасы», Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету мекемесі, «Атырау жылу электр орталығы», Арнаулы автобаза, қалалық бөлім басшылары және округ әкімдерінің қатысуымен күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары талқыланды.
Жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Бақтияр Хамидуллаев биыл 15 мамырдан бастап бөлім тарапынан пәтер иелері кооперативінің сұранысы бойынша қаладағы 1153 көпқабатты тұрғын үйлердің, оның ішінде орталықтандырылған (ТЭЦ) жылу жүйесінен жылу алатын 1031-не гидравликалық сынақтан өткізу жұмыстары басталып, нәтижесінде 710-ы сынақтан өткізілгенін және ол үйлер 1 қазанға дейін қысқы маусымға толықтай дайын болатынын баяндады.
Сонымен қатар, жиын барысында мемлекеттік мекеме ғимараттарындағы жылу жүйелері, су мен электр энергиясына қатысты мәселелер қозғалды.
Қала әкімі бүгінгі күні электр қуатының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында қалада 400 ден аса трансформатор бар екенін атап өтті.
- Қаладағы 400 трансформатордың бүгінгі ахуалын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі аз ғана күнде толық қарап, тексеруі мүмкін емес. Сондықтан да қысқы дайындыққа округ әкімдерінің де жауапкершіліктері жоғары екенін ескертіп, өз аумағындағы тиесілі трансформаторларды қадағалауды тапсырамын. Жылыту маусымына дейін біз тұрғындарды алаңдататын мәселелердің алдын алып, жоспарлаған жұмыстарды уақытылы аяқтауымыз кажет. Бұл менің қатаң бақылауымда болады, - деді қала басшысы.
Шәкір Кейкін аталған мәселе бойынша тиісті қалалық бөлім мен «Атырау-Жарық» мекемесіне уақытылы қызмет көрсетуді тапсырды.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА