Атырауда көпқабатты тұрғын үйлердің қас беттері жаңартылуда (Видео)
«Алмагүл» шағынауданында 16 үйдің қас беттері жөнделіп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл «Алмагүлде» 16 үйді сырлау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстар шілде айында басталды. Нысан басында «Ер-Нұр Строй и К» ЖШС , «Сенім 2016» ЖШС және «РимСтройСервис» ЖШС-нің жұмысшылары еңбек етуде.
Сонымен қатар, Исатай Тайманов №58 және Бақтыкерей Құлманов №107 тұрғын үйлерінің қасбеттері жөнделіп жатыр. Оны «Жайық Сити» мердігер мекемесі атқарып отыр. Жөндеу, сырлау жұмыстары қазан айына дейін аяқталады деп көзделген.
Баспасөз қызметінің мәлім етуінше, жөндеу жұмыстарының барысын «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақтияр Хамидуллаев бақылауына алды. Ол «Алмагүл» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттерін жөндеу, сырлау бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Мекеме басшысы 100 аула жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да қадағалады. Сондай-ақ, мердігерлерге тұрғын үйлерді сәулет талаптарына сәйкес сапалы бояу қажеттігін тапсырды. Бақтияр Хамидуллаев барлығын өзінің жіті бақылауына алғанын ескертті.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА