Атырау қаласында көпбалалы аналарға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" табысталды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Ел Президентінің 2023 жылғы 24 мамырдағы №232 Жарлығымен Атырауда 49 ана «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері атанды.
Мемлекеттік наградаларды қала әкімі аппаратының басшысы Самат Жұмабайұлы арнайы табыстады.
"Тәрбиенің бастау бұлағы, қайнар көзі - отбасында. Сондықтан, отбасы құндылықтарына ерекше мән беру қажеттігін айтқан қала әкімі аппаратының басшысы Самат Жұмабайұлы аналарды құттықтап, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қосып отырған айрықша үлесі үшін өз алғысын білдірді", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА