Атырау облыстық дін істері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара 18 қазан күні атап өтілетін рухани келісім күніне орайластырылған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Форумға аймақ басшысының орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, ұлтаралық келісімді нығайтуға сүбелі үлесін қосып жүрген 25 азаматқа облыс әкімінің және өзінің атынан алғыс хат табыстады.
- Іс-шараның мақсаты - ұлтаралық келісімді, конфессияаралық ынтымақтастықты нығайту, қоғамда этностық және діни толеранттылықты қалыптастыру, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау, халық пен діни ұйымдардың арасындағы байланысты дамыту. Айта кетейік, мұндай жиын жыл сайын мерекеге орай ұйымдастырылады, - деді облыстық дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаев.
Жиынға өңірдегі этномәдени бірлестіктің өкілдері де қатысып, форумның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтып, жастарға үлгі көрсетуге ықпалы зор екенін атап өтті.
- Бұл жиын діни көшбасшыларды, сарапшыларды, ғалымдарды және әртүрлі этнос өкілдерін бір алаңға жинап, әдіндер арасындағы диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды мүмкіндік береді, - деді А.Кулметов.
Форумда «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Арман Исаев, Атырау қаласы Успен соборының діни қзметкері Михаил Соколов, Римдік – Католиктік Атырау апостол әкімшілігінің бас қызметкері Сакмар Петер, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Нурид Тикаев түрлі тақырыпта баяндама оқыды.