Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Kia Sorento автокөлігінен денесін шығарып ішімдік ішкен тұлғалардың бейнежазбасы таралған болатын.
Патрульдік полиция қызметкерлері аталған автокөлікті Махамбет көшесінің бойынан анықтады.
Тәртіп сақшылары Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған көлікті арнаулы автотұраққа қойды.
Қазіргі таңда көліктің жүргізушісі мен жолаушыларын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.