Атырауда жол бойында ер адамды көлік қағып өткен, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"22 қаңтар күні сағат 21:00 шамасында Жұмыскер-2 поселкесі, Ынтымақ көшесінде Mercedes Benz көлік құралының 2001 жылы туған жүргізушісі жолдың бойында 1974 жылы туған ер адамды қағып кеткен. Аталған азамат оқиға орнынан қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда" делінген хабарламада.