Атырауда көлік өртенді

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"2022 жылдың 26 желтоқсан күні сағат 08:53-те  Азаттық даңғылы №7 үйдің маңында автокөлік жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жеткен кезде «ВАЗ 2115» маркалы автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінің жануын анықтады. Өрт 09:07 сағатта толықтай жойылды.  Автокөліктегі өртті сөндіруге 5 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды" делінген облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.