Бұл туралы облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress.
26 қыркүйек сағат 22:00 шамасында Ғұмаров көшесінен көпір үстіне көтеріле берісте 1992 жылы туған жүргізуші Lada Priora көлігімен жол жиегіндегі көпірдің темір қоршауына соқтығысқан. Соққы салдарынан жүргізушінің өзі жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.