Атырауда кімге айына 800 мың теңгеден жоғары жалақы ұсынылады?

Еңбек нарығында жоғары білікті мамандарға сұраныс екі есе артты, деп хабарлайды NewTimes.kz Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Электронды еңбек биржасы 500-800 мың теңге және одан жоғары жалақысы бар бос жұмыс орындарын ұсынады.

«Ең жоғары жалақы Атырау облысында ұсынылып отыр. Онда өнеркәсіптік альпинистер үшін 824 мың теңге жалақымен 20 бос жұмыс орны көрсетілген. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс берушілер мемлекеттік органдардағы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына 500 мыңнан 730 мың теңгеге дейін жалақы ұсынады», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, ең жоғары жалақы ғалымдарда – 2,7 млн ​​теңге, бас директорларға – 2,3 млн теңге, авиация инженерлері – 1,6 млн теңге, шахта директорларына – 1,5 млн теңге және қосымшаларды әзірлеушілерге – 1,2 млн теңге төленеді.

Бұл ретте жұмыс берушілер мемлекеттік ұйымдардың басшыларына – 640 мың теңге, бас технологтар мен қаржылық тәуекел-менеджерлер – 500 мың теңге мөлшерінде жалақы ұсынады.

Тамыз айында электронды қор биржасында жоғары білікті жұмысшыларға сұраныс екі есеге артты. Бұл сайтта тамыз айында барлығы 119 мың бос жұмыс орны мен 93 мың түйіндеме орналастырылған.