Бұл туралы жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Иманғалиев Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті.
Мамандар бұл акцияның жойылғалы тұрған жабайы аңдарды қорғау мақсатында ұйымдастырыоғанын айтады.
Бұл шара 30 желтоқсанға дейін жалғасын таппақ. Акция полиция департаментінің және «Охотзоопром» ӨБ РМҚК-ның қызметкерлерінің қатысуымен күшейтілген режимде өтіп жатыр.
- Атырау облысында киіктер көп емес. Дегенмен, күн суытып бастаған сәтте Батыс Қазақстан облысынан киіктер біздің аймаққа қарай келе бастайды. Осыған ретте бір ай ішінде ақбөкендерді қорғау жұмыстары күшейтілген режімде жүргізіледі, - деді Н.Иманғалиев.
Айта кетейік, киіктерді заңсыз аулағаны және олардың мүйіздерін өткізгені үшін жаза қарастырылған. Мәселен,заңды белшесінен басқандар 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.