Атырауда "Кибер Шериф" көмегімен жылдамдық асырған 16 мыңнан астам жүргізуші анықталды

Өңірімізде 1 ақпаннан бастап "Кибер Шериф" 28 борттық ақпараттық бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесінде осы құрылғымен 1 ай 18 күн ішінде жылдамдықты асырған 16 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған.

 Ал, 1 наурыздан бастап республикалық маңызы бар тас жолдарда 15 Трафик-Сканер, 8 Оракуль-Инсайт жылдамдық өлшеуіш құралдары қолданысқа берілді.

Полиция қызметкерлерінсіз автоматты түрде жүиеленген Трафик-Сканер тас жолдардың авариялық аумағында 15 жерде орнатылған. Бұл құрылғыларды бұзып кетпеуден сақтау үшін қосымша бейнебақылау камералары тікелей жедел басқару орталығына қосылды.

Оракуль-Инсайт арнайы автокөліктің салонына бекітіліп, автопатрульдеудің мобильді режимде құқық бұзушылықты жасырын түрде анықтауға арналған. Талдауға сәйкес, өткен жылы 344 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 94 адам қайтыс болып, 434 адам әртүрлі дене жарақатын алды.

Мәселен, 2023 жылы тас жолдарда 5 ірі жол апатынан 26 адам қаза тапты. Атап айтқанда, 18 маусым 2023 жылы Атырау-Ақтөбе тас жолы 593 шақырым тұсында маркасы Lada және Автобустың қатысуымен орын алған жол аптынан бір отбасы, 4 сәбиімен ажал құшты.

Айта кетейік, жыл басынан бері 50 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 11 адам қаза тауып, 56 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Ал, қала аумағында, наурыз айында 2 ірі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам қаза тапқан.