Атырауда халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті анықтады

«Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған мемлекетаралық іздестіруде жүрген 1992 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматы анықталды.
Шетелдік азамат Ресей Федерациясы Қылмыстық Кодексінің 158-бабы 2-бөлігі, яғни ұрлық қылмысы бойынша 2021 жылдан бері іздеуде болған. Қазіргі уақытта 1992 ж.т. күдікті Атырау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобына тапсырылды.