Атырауда халық саны қаншаға өсіп кеткен?

Атырау облысы халқының саны 708,6 мыңға жетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оның ішінде, Өңірлік коммуникациялар қызметі нің мәліметінше, қала халқы – 390,6 мың болса, ауыл халқы – 317,9 мың адамды құрайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиев мәлім етті. Бұл туралы 

- Халықтың табиғи өсімі биыл қаңтар-шілдеде 6865 адамды құрады, ал өткен жылдың осы кезеңін алсақ 7425 адам. Сондай-ақ, қаңтар-шілдеде туылғандар саны 8990 адам. Қайтыс болғандар тізіміне 2125 адам қосылды. Көші-қон айырмасы – 2275 адамды құрады. Оның ішінде сыртқы көші-қонда – 371 адам, ішкі көші-қонда–2646 адам тіркелген, - деді Н.Құмарғалиев.