Атырауда Халықаралық туризм күні аталып өтті

27 қыркүйек - туризм күніне орай сала мамандары марапатталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев туризмнің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.  

- Баршаңызды Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтаймын. Өңірдің тарихи және мәдени мұралары, әсіресе, Сарайшық қалашығы ерекше маңызға ие. Бұл қалашық Ұлы Жібек жолындағы ірі сауда және мәдени орталық ретінде маңызды орын алған. Оның тарихи ескерткіштері мен мұраларын жаңғырту арқылы өңірдің туризм әлеуетін арттыруға мүмкіндік зор,  - деді Ж.Бисембиев.

Туризм саласын дамытуға үлес қосқаны үшін Нұрлыбек Төлеповке Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің Құрмет грамотасы ал, Алтынай Ерубаева, Гульнар Шаршеналиева және Гүлнәз Омароваға министрдің алғыс хаты табысталды. 

Сонымен қатар, бір топ сала үздігі облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Марат Мурзиевтің алғыс хатымен марапатталды.