Атырауда кешкі сағат 20.00-21.00-ге дейін жарық беріледі

Бұл туралы AtyrauPress облыс әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Атырау-Жарық» АҚ-ның бірінші вице-президенті Қуат Сисенғалиев электр желісінің өшуі бойынша сұхбат берді. – Таңғы сағат 7:30 шамасынан бастап ауа-райының қатты жел, қар болуы себебінен Самал, Атырау, Ақсай, Дамбы және т.б елді мекендерде электр энергиясы өшіп қалды. Ол қардың қалың жауунан трансформаторлы пункттердің өзінің изоляциясына қар жабысып, релелік қорғаныш автоматикасында ауытқу болды (релейный защитный автоматика). Оны әр трансформаторлық пункттен айырып, бір-бірден қосып, ток көзін беріп жатыр. Қазіргі уақытта Дамбыға, Жұмыскерге, Еркінқалаға ток берілді. Осы жұмыстар жалғастырылады. Қазір 15 авариялық бригада, оның үстіне 5 жедел шығу бригадасы (оперативный выездной бригада), техника су көтергіштер (гидроподьемник) бәрі жұмыс істеп жатыр, - деді Қ.Сисенғалиев.
Қазіргі уақытта қаладағы 7-8 ықшам ауданда, Жылыой, Махамбет , Құрманғазы ауданында жарық сөнді. Кешкі сағат 20:00-21:00-ге дейін барлығына жарық беріледі.