Көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамту жөнінде ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы бойынша 1789 көппәтерлі үй бар. Оның 1228-і Атырау қаласында. 9 қазаннан бастап тұрғын үйлерге біртіндеп жылу берілді. Жоғары қысыммен жылу берілгенде 72 үйлерде ішкі жылу жүйесінде ақаулықтар анықталды. Атап айтсақ, кейбір жалпыүйлік есептегіш құралдарын тұрғындардың мерзімінде ауыстырмауына, жертөле және пәтерішілік желілерден ақау шығуына байланысты болып отыр. Бұл жұмыстар кондоминиум басқару органдары мен тұрғындардың жауапкершілігінде болып табылады.
Бүгінгі күні ақаулықтарды жою мақсатында қала әкімдігімен 3 бригада құрылды. Ағымдағы жылдың 17 қазаны түске дейінгі мерзімде 59 үйге жылу берілді. Қалған 13 үй бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
№ |
Мекен-жайы |
Себебі |
Берілу мерзімі |
1 |
Азаттық, 64 а |
Пәтердегі ақау |
18.10.23 |
2 |
Махамбет, 125 Б |
Қосылу барысындағы ақау |
18.10.23 |
3 |
Оңдасынов, 7 |
Пәтердегі ақау |
18.10.23 |
4 |
Волгоградская, 14 В |
Пәтердегі ақау |
18.10.23 |
5 |
Досмұхамбетов, 12 |
Пәтердегі ақау |
18.10.23 |
7 |
Досмұхамбетов, 19 |
Тұрғын емес жайлардағы ақау |
18.10.23 |
8 |
Махамбет, 101 |
Пәтердегі ақау |
18.10.23 |
9 |
Баймұханов, 47 |
Пәтердегі ақау |
18.10.23 |
10 |
Қожақаев, 44 |
Жертөледегі ақау |
18.10.23 |
11 |
Владимирский, 99 |
Жертөледегі ақау |
18.10.23 |
12 |
Лесхоз, 35 |
Жертөледегі ақау |
18.10.23 |
13 |
Азаттық, 67 |
Жертөледегі ақау |
18.10.23 |