Атырау қаласы маңындағы Талғайран-2 ауылында нөсер мен желдің салдарынан тұрғын үйлердің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды AtyrauPress.
Айналдырған 10 минуттың ішінде сағат 22:00-де нөсер мен жел салдарынан екі үй шатырсыз қалды, электр бағанасы құлап, ауыл электр жарығынан ажыратылды.
Қазір «Атырау-Жарық» АҚ-ның жұмыс тобы ауылды электр энергиясымен қамту үшін қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.
Айта кетейік, синоптиктер тарапынан 15 шілдеде Атырау облысында күн күркірейді, секундына 15-20 метрге дейін жел ұйытқиды деп болжам жасалған еді.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА