Атырау облысында 24 - 30 шілде аралығында облыс аумағында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл іс-шара кезінде заңнамаға сәйкес тіркелген қаруы бар азаматтардың атыс қаруының сақталуына тексеру жүргізілетін болады. Осыған орай азаматтық атыс қаруларыңыздың сақталуын және сақтау мен алып жүру рұқсат қағазының мерзімін бақылауға алуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында заңсыз айналымдағы, тіркелмей немесе құжатсыз қалып қойған қару мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттар анықталған жағдайда, өз еркімен полицияға тапсыруға болады. Олардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатыны ескертіледі.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА