Атырауда камералардың көмегімен 24 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Оперативті басқару орталығы адамдар көп жиналатын орындарды бақылауға, жаяу және автопатрульдердің әрекеттерін үйлестіруге, сондай-ақ бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Атырау қаласы аумағында 3506 бейнебақылау камерасы орнатылған. Осы жылдың 11 айында бейнебақылау жүйесін тиімді пайдалану арқылы 312 қылмыс пен 23 978 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қылмыстардың қатарында – ұрлықтар, ұсақ тонау, бұзақылықтар бар. Сонымен қатар бейнебақылау камералары мас күйінде көлік басқару немесе көшеде және қоғамдық орындарда мас болу сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркейді.

«Interceptor» жүйесінің көмегімен 2024 жылдың 11 айында келесі құқық бұзушылықтар анықталды:
    •    3876 әкімшілік айыппұлдарын төлемеген борышкер;
    •    Арнайы тұраққа қойылған 1333 автокөлік;
    •    2543 өңделген әкімшілік айыппұл.

«Сергек-Қорғау» жүйесінің көмегімен 2024 жылдың 11 айында анықталған құқық бұзушылықтар:
    •    Штрафтарға қатысты берілген ұйғарымдар саны – 19 477;
    •    Айыптұраққа қойылған автокөліктер саны – 470.