Атырау облысы полиция департаменті "КАМАЗ"-ға басылған адам туралы түсінік берді, деп хабарлайды ATPress.kz.
Департаменттің баспасөз қызметі әлгі адамның өзіне қол жұмсамақ болғанын және оған дейін мойнын пышақпен кесіп, өзін жарақаттағанын айтады.
"25 шілде күні сағат 19:00 шамасында 1988 жылы туған тұрғын өз-өзіне қол жұмсау мақсатында ас бөлмесіне арналған пышақпен мойынын кесіп жарақат салған. Жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан полиция қызметкерлері тоқтатпақ болған кезде қозғалып келе жатқан Камаз автокөлігіне секірген. 34 жастағы азамат облыстық ауруханаға қаралған. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 105 бабымен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде" делінген хабарламада.