Атырауда қаланы екіге бөлу мәселесі қаралып жатыр

Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Астанада қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress.

«Бізде Атырау қаласын дамытудың бекітілген бас жоспары бар. Қаланы Жайық өзені екі бөлікке бөліп тұр. Жылдан жылға халық саны өсіп, қала аумағы да ұлғайып келеді. Келешекте екіге бөлу  мәселесін қарастырып жатырмыз.  Нақты шешім қабылдамас бұрын халықтың талқылауына саламыз. Бұл жұмыстар атыраулықтардың пікірін ескере отырып жүргізілетін болады», - деді Серік Шәпкенов.

 

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА