17 «Сәуір», 2023 748

Атырауда қайда және неше күн су болмайтыны айтылды


Атырауда үш күн бойы ыстық су тоқтатылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ 19-21 сәуір аралығында магистралды және тарату жылу желілерін гидравликалық тығыздық пен беріктікке жоспарлы сынау жүргізілетінін назарға жеткізеді. Бұл күндері тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылады. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сынақ кезеңінде жылу трассасының құбырларына 10 метрден жақын қашықтыққа жақындамауды сұраймыз. Сондай-ақ, тұрба құбырларында судың ағуы мен жарылуы орын алған жағдайда төменде көрсетілген телефондар бойынша дереу хабарлауды сұраймыз: 99-43-07, 99-43-98, 32-22-58

Фото: dachaluks.ru