Атырау облысында қызылша ауруын жұқтырғандардың 80 проценті 14 жасқа толмаған балалар, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 14 жасқа дейінгі сырқаттанғандардың арасында 1-4 жас аралығындағы бүлдіршіндер басым. Қызылшамен ауырғандардың 80 проценті уақытында екпе алмағандар.
Айта кетейік, Атырау облысында бүгінгі күнге дейін 2 мың 446 адамнан қызылша диагнозы анықталып, расталған.
Елімізде 11 қаңтардағы ақпарат бойынша, қызылшаға қарсы қосымша иммундау аясында 27 мың 330 адам егілді. Соның ішінде 2 мың 270 бала 6-11 айлық сәбилер, ал 18 мың 830-ы 2-4 жасар балалар болса, 2 мың 393-і медицина қызметкері.
Эльмира Мықтыбаева
Фото: freepik.com