Атырауда «Қыс-2023» республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Бекітілген жоспарға сай «Жылу электр орталығы» АҚ ғимаратында  қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жою бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Кейін, Атырау-Орал бағытындағы тас жолы бойында, жолды жабу бойынша іс-қимылдарды пысықтау оқу-жаттығуы өтті. 

Оқу-жаттығу жұмыстарына жоғарғы баға берілді.

Айта кетейік, «Қыс-2023» республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығу бүгін аяқталады.