Атырауда күштеп қыз алып қашқандардың видеосы желіні шулатты

Мәселенің анық-қанығын білу үшін біз облыстық полиция департаментіне хабарластық, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Әлеуметтік желіде таралған автокөлікке әйел адамды күштеп мінгізген бейнежазбадағы 22 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды. 22 жастағы әйелдің арыз-талабы жоқ. Күдіктіге ұсақ бұзақылық бабымен хаттама толтырылып, қамауға алынды. Жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданады" дейді департаменттің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ