"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
– "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының Көші-қон Халыққа қызмет көрсету бөлімі басқа орынға көшкендігін хабарлаймыз. Қазіргі мекен-жайы – Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 96 "Б", 3-қабат. Халыққа ыңғайлы болу үшін қала орталығы таңдап алынып отыр. Енді бұл бөлімге қатысты барлық сұрақтар бойынша азаматтардың осы мекен-жайға баруларын өтінеміз" дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Атырау облысы филиалының PR-менеджері Орынгүл Махмуд.
Айта кетейік, Көші-қон Халыққа қызмет көрсету бөлімі бұған дейін Северная промзона, 69 мекен-жайында орналасқан болатын.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі